USD
USD
USD

Қазақстанда АИ-92 бензині тағы қымбаттады

Қазақстанда АИ-92 бензині тағы қымбаттады. 

Қазақстанда АИ-92 бензині тағы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда дизель мен газдан бөлек бензиннің де бағасы қымбаттап жатыр. Жанармайдың құны әсіресе солтүстік өңірлерде көтерілген, деп хабарлайды  31-арнаның “Информбюро” жаңалықтары. 
 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттайды

Халық бағаның бес теңгеге қымбаттағанын қазірден бастап сезінуде. Айтуларынша, жағармай бекетіне барсаң жанар-жағармайдың тапшы. Ал бар жердің өзі тек талон талап етеді деп шағымданады. Оның үстіне, көрші Ресей жүргізушілерінің біздегі бензинді жаппай сатып алуы жанармай дефицитін тудыруда дейді.  

Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков жыл сайын 2-3 теңгеге қымбаттайтын бензинді Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстанмен теңестіру халықтың жағдайына сай емес дейді. Сарапшы жанармай құны сияқты қазақстандықтардың айлығы тез көтерілмейді дейді . 

“Жауапты министрлік Қазақстандағы бензин бағасын Ресеймен теңестіру керек деген ұсыныс айтты. Олардың ойларынша біздегі арзан жағармайды көрші елдің азаматтары әкетіп жатыр. Осылайша бензин тапшылығын шешеміз дегендері шығар. Бірақ, бірден 50-60 теңгеге өсірсе, жағдайды ушықтырып алады”, – дейді Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков.  

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді