USD
USD
USD

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстан билігі елдің энергетикалық балансында 2035 жылға дейін қуаттылығы 2,4 ГВт болатын атом электр станциясын (АЭС) салуды жоспарлауда. Бұл жөнінде жұма күні өткен ведомствоның алқа мәжілісінде энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Елдің энергетикалық балансында негізгі генерацияның жаңа көзі ретінде белгіленген қуаты 2,4 ГВт болатын атом электр станциясы қарастырылған", - деді министр. Ақшолақовтың айтуынша, құрылыс жоспары 2035 жылға дейін деп есептелген.

"Әзірленген энергетикалық балансқа сәйкес 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт/сағ құрайды. Сонымен бірге қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған энергия көздерінің генерациясы бірқатар объективті себептерге байланысты төмендейді және шамамен 89 млрд кВт/сағ құрайды. Қолданыстағы энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттіліктерін өтей алмайды", - деп түсіндірген министр.

Ол осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаттылығы 17,5 ГВт болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай