USD
USD
USD

Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады.

Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (қазіргі уақытта 19 450 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (қазіргі уақытта 46 302 теңге);
  • жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұл, салық және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш - 3180 теңге (қазіргі уақытта 3 063 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (қазіргі уақытта 36 018 теңге).

Құжатты "Ашық НҚА" порталынан табуға болады. Заң жобасын ресми талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер