USD
USD
USD

«Абай» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады

Биыл «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» екі жаңа телеарна ашылады.

«Абай» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Бұл телеарналар мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық жоба болмақ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті. 

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі, яғни «Абай ТВ», «әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, «Абай ТВ» телеарнасы ертең - 30 маусымнан жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба - «Әл-Фараби» телеарнасы.

Ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.