USD
USD
USD

Қазақстанда ірімшік бағасы қанша пайызға қымбаттаған?

Қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4 378тг құрады. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда аталмыш өнім 31,4% -ға қымбаттады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазақстанда  ірімшік бағасы қанша пайызға қымбаттаған?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірлер арасында қатты ірімшік бағасы Қарағанды қаласында қымбат саналады. Мұнда ірімшіктің орташа бағасы 5 356 теңге деңгейінде.

Астанада орташа баға 4 880 теңге болса, Алматыда ірімшіктің келісі үшін орта есеппен 4 700 теңге төлеу қажет, Таразда – 4 782 тг.

Ең арзан ірімшік келісі Қонаев қаласында – 3 153 тг.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз.

Қазақстандық ірімшік (сүзбені қоса алғанда) негізінен ТМД елдеріне (РФ, Армения, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталды.

Импорттың негізгі көлемі РФ, Беларусь, Украина, Латвия, Иран елдерінен келеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері