USD
USD
USD

Қазақстанда 5800 шақырым жол ақылы болады

Жазға таман еліміздегі тас жолдардың 6 мың шақырымға жуығы ақылы болады. 

Қазақстанда 5800 шақырым жол ақылы болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оларда «Сергек» жүйесінің камералары орнатылады. Ескеретін жайт, жол бойына әдеттегідей төлем бекеттері қойылмайды. Яғни, жүргізушілер жол ақысын өз бетінше төлеуі тиіс. Егер төлем жасалмаса, онда 7 күннің ішінде көлік иесінің атына айыппұл келеді. Ол 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бекітілді. Ал заңды тұлғаларға салынатын айыппұл екі есе көп. Жеңіл көліктер 1 шақырымға бір теңгеден, ал жүк көліктері 5-тен 25 теңгеге дейінгі аралықта төлейді. Төлем мөлшері жолдың санатына байланысты.

«Қазавтожол» ҰК департамент директоры Рустам Исаев: "Төлемнің 20-дан астам тәсілі бар. Төлем жүйесіне банктер мен терминалдар қосылды. Белгілі бір санатқа жататын азаматтарға арналған жеңілдіктеріміз бар. Кей көліктер тегін жүреді. Мәселен, әкімдікте тіркелген қаларалық автобустардан ақша алынбайды. Бұл тасымалдау бағасының қымбаттау-қамбаттамауына қатысты", - деді.

  Қазір «Сергек» камералары 99 жолда орнатылған. 2024 жылы олардың санын екі есе көбейту жоспарда бар. Осылайша, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы 3 жылдан кейін ақылы жолдардың ұзақтығын 11 мың шақырымға жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін инвесторлардың есебінен 25 миллиард теңге қарастырылған. Ақылы жолдан түсетін қаражаттың 80%-і мемлекеттік бюджетке түседі. Ал 20%-ін инвестор алады. Алайда олар бұл қаражаттың бір бөлігін жолдардың күтіміне жұмсауға міндеттеледі. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

.