USD
USD
USD

Қазақстанда 50 мың көлік шығарылды

2020 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 50 656 автокөлік құрастырылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады.

Қазақстанда 50 мың көлік шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 376,4 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобиль құрастыру 42,4 пайызға өсіп, 42 498-ге жетті.

Автобус техникасын шығару (1401 көлік) 65,2 пайызға жоғарылады. Сонымен қатар, жүк көліктерін құрастыру (5273 көлік) 2,5 есеге өскен.

Ал республика тұрғындары жергілікті өндірістен шыққан көліктерді сатып алуға 337,6 млрд теңге жұмсаған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 61,8 пайызға артық.

Есепті кезеңде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (13404 көлік), Hyundai (11509), Ravon (5414), KIA (4689) және Chevrolet (3563 ) енді.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (1268 көлік), UAZ (363) әрі Skoda (233) бар екенін атап өткен жөн.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Жас жігіт

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Ұшақ

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды

жарылыс

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін

тест