Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда 30 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның кей өңірінде 12-13 наурызда тағы да ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қазақстанда 30 градусқа дейін аяз болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Солтүтік Қазақстан облысында 12-13 наурызда ауа температурасы минус 13-16-дан 25-30-ға дейін күрт төмендейді, кей жерлерде 22 градус аяз болады.

12 наурызға қараған түні Қарағандыда боран болып, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ, 12-14 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Сонымен қатар, ауа температурасы 2-7-ден 20-30-ға дейін күрт төмендейді. Оңтүстке қарай 15 градусқа дейін аяз болады. 13 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады.

Өскеменде 12 наурызда көктайғақ, ал Семейде бұрқасын болады деп болжанды. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

12 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұма түседі. Батыс және солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

Қызылорда облысында синоптиктер көктайғақ, бұрқасын болады деп болжап отыр. Солтүстік-шығыстан жел түнде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жылдамдықпен соғады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі