USD
USD
USD

Қазақстанда 300 мыңға жуық Ресей азаматы жүр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов Қазақстан аумағында жүрген ресейліктер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 300 мыңға жуық Ресей азаматы жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл басынан бері Қазақстанға үш миллионға жуық ресейлік келді, ел аумағынан шыққандар саны да шамамен бірдей болды. Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы елімізге 837 мың ресейлік келді, 780 мың адам қайта кетті. Қазіргі уақытта елімізде 298 мың ресейлік бар, оның 30 мыңы еңбек биржасында тіркелген шарттарға сәйкес жұмыс істейді», - деді Ілияс Испанов.

Спикердің айтуынша, олар уақытша тұру үшін тіркеуден өткен.

«Қазақстанда білім алып жатқан 20 мыңға жуық студент бар, сондай-ақ бізге келіп, транзитпен ұшатын адамдар бар. 21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейлік елімізді транзиттік ел ретінде пайдаланды және олар жоспарлаған елге кетті», - деп толықтырды І. Испанов.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.