USD
USD
USD

Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға вакцина салынды

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын қанша адам салдырғанын мәлімдеді.

Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға вакцина салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вакцина 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдерМинистр Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келгенін атап өтті.

«Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер», – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, вакцина апта сайын жеткізіледі. Сондай-ақ ол халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатқанын да айтты.

Қазіргі таңда 1-компонентті 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компонент 7,9 миллионнан астам адамға салынған. Жалпы халық санының 42,2%-і вакцинаның екі дозасын салғызды.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар