USD
USD
USD

Қазақстанда 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейді

  ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейді.

Қазақстанда 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Министрдің айтуынша, келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.

Ал түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі, бірақ:

- толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес;

- «сары аймақта» 70 адамнан артық емес;

- «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт. Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің:

 - жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 05:00-ге дейін, - «сары аймақта» сағат 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03:00-ге дейін ұзартылады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе