USD
USD
USD

Қазақстанда 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік есепке қойылды

Биыл 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында елімізге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.

Қазақстанда 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік есепке қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өтінімді уақытылы берген, бірақ автокөліктерін заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтарына белгіленген мерзімнен кейін заңдастыруға мүмкіндік берілді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік қазақстандық есепке қойылды.

Заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Кеден одағының құрамындағы үш елге – Ресейге, Арменияға, Қырғызстанға тиесілі.

«Облыстар бойынша автокөліктердің ең көп саны Алматы қаласында – 21 115 бірлік; Ақтөбе облысында – 20 876; Шымкент қаласында – 15 145; Батыс Қазақстан – 14 204; Атырау – 14 197; Қызылорда облысында – 13 695 тіркелген», - деді спикер ОКҚ алаңында.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков