USD
USD
USD

Қазақстанда 2025 жылдан бастап әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызмет пайда болады

Әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызмет елімізде 2025 жылы пайда болуы мүмкін. Тиісті заң жобасы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

Қазақстанда 2025 жылдан бастап әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызмет пайда болады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қорғаныс министрлігі әзірлеген заң жобасында әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізу ұсынылды.

Бұл тұрғылықты жері бойынша келісім-шарт негізіндегі әскери қызметтің ерікті түрі.

– Резервтегі қызмет арқылы Қазақстан өз армиясын өз еркімен қызмет етуге ниет білдірген азаматтар қатарынан жасақтаудың қосымша тәсіліне ие болады. Біз қосымша әскери резервшілерді дайын әскери құралымдарға жалдаймыз, дабыл бойынша олар даярлықтан өткен әскери бөлімге келіп, дереу жауынгерлік міндеттерге кірісе алады, – деді осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ермұрат Бапи.

Жоба Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтарына қатысты болады.  Қызметке қабылдау ерікті түрде жүзеге асырылады.

Іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтармен Қорғаныс министрлігі 3 жылға келісім-шарт жасасады. Соның негізінде олар ай сайын бөлімдерде қысқа мерзімді оқудан және ведомствоның бұйрығы бойынша 30 күндік жиындардан өтеді.

Резервшілерге денсаулық жағдайы бойынша талаптар қойылады және жас шектеулері белгіленеді: офицерлер үшін – 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар үшін – 18-ден 50 жасқа дейін.

Бүгінгі таңда заң жобасына сәйкес, олар мерзімді қызметтен немесе қысқа мерзімді әскери дайындық курстарынан өткен, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда оқыған адамдар болады деп қарастырылуда.

Резервшілер әскери бөлімдерде дайындықты жүзеге асырады, оларға қару-жарақ пен жауынгерлік техника бекітіледі. Олар тек өз облысының аумағында қызмет етеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар