21 Қараша 14:52
...
Қазақстанда 2024 жылдан бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа форматы енгізіледі
Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.
Алматы, NEGE. «Зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленіп жатыр. Жобаларды сапалы және уақытылы енгізуді мемлекеттік органдардан сұраймыз», - деді Бағдат Мусин.