USD
USD
USD

Қазақстанда 2021 жылға жоспарланған АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері аталды

Қаржы министрлігі АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы, сондай-ақ 2021 жылы белгіленуі жоспарланған ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін атады.

Қазақстанда 2021 жылға жоспарланған АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері аталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  1. жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;
  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;
  3. зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
  4. Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;
  5. базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге», – делінген жобада.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге (шұғыл қызметтегі әскери қызметкерлерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне баспанасын ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерін 3 739 теңге сомасында белгілеу жоспарланды.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Көлік өртенді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда