USD
USD
USD

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке алу ережесі күшіне енеді

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын есепке алу ережелері күшіне енеді, оның негізінде иттер мен мысықтарды міндетті есепке алу көзделген, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке алу ережесі күшіне енеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені дербес айқындайды, сондықтан деректер базасының функционалын пысықтау мәселелері бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы.

Заңнамаға сәйкес жануардың иесі немесе оған жауапты тұлға есепке алу бұйымын (құралын) дербес айқындайды, бұл ретте үй жануарларын есепке алу бұйымдарына (құралдарына) болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) жатады.

Есепке алу нормаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты