USD
USD
USD

Қазақстанда 18 миллиард теңге алимент төленбеген

Қазақстанда 221 884 адам балаларына жалпы сомасы 18 миллиард теңгеге жуық алимент төлемеген.

Қазақстанда 18 миллиард теңге алимент төленбеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан әлеуметтік даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы алимент бойынша борышкерлердің жалпы саны 221 884 адамды құрайтынын, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеушілер 215 587 адам екенін мәлімдеді.

"Оның ішінде берешекті анықтау туралы қаулы шығарылған атқару өндірістерінің саны 28 814 болса, олар бойынша берешек 17 миллиардд 455 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Неке бұзылған немесе қарым-қатынас үзілген жағдайда серіктестер алимент мөлшерін және оны төлеу тәртібін жасалған заңды келісімдер - неке шарты немесе медиация келісімі аясында келісе алатынын институт баса айтты.

"Егер тараптар келісімге келмесе, онда заң бойынша бір балаға ата-анасының табысынан немесе өзге табысынан 25 пайыз немесе төрттен бірі, екі балаға - шамамен 33,3 пайызы немесе табысы үштен бірі, үш және одан да көп балаға - 50 пайыз", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе