USD
USD
USD

Қазақстанда 10 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар. 

Қазақстанда 10 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

– Алматы қаласы - 287;

– Қарағанды облысы-221;

– Павлодар облысы-170;

– Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). 

– Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам, 

– автокөлікпен жоғалған – 74, 

– жұмыстан кеткен-36.

 Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздеуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

 Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

– Алматы қаласында (514)

– Астана қаласында (185)

– Шымкент қаласында (155)

– Алматы (143) 

– Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты