USD
USD
USD

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгереді: емтиханды қайта тапсыру ақылы болмақ

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгеруі мүмкін. Емтиханнан үш рет өте алмағандар келесі талпыныстары үшін ақы төлейді.

техникалық тексеру
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, алғашқы сәтсіздіктен кейін емтиханды келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші рет те өте алмағандарға дайындалу үшін 10 күн беріледі.

«Үш рет теріс нәтиже алғаннан кейін теориялық немесе практикалық емтиханды қайта тапсыру ақылы негізде жүргізіледі. Бұл шара үміткерлердің емтиханға қажетті білімі қалыптасқан күйде келуіне бағытталған», – деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар теориялық емтиханнан алынған оң нәтиже практикалық сынақтан өте алмаған жағдайда жойылмайды.

Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстанның куәлігіне айырбастау үшін теориялық емтихан тапсырып, құжаттың түпнұсқалығын растау қажет. Ал қайта жабдықталған көлікті бөлек тексерту талап етілмейді – қауіпсіздікті растайтын құжат жеткілікті болады.

Қазір оқып жатыр

Ермек Көшербаев елшілік қызметке оралды

Ермек Көшербаев

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 4,3 млрд долларға азайды

доллар бағамы

ІІМ шетелдіктерге ЖСН беру кезінде тексерісті күшейтпек

ІІМ

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті