USD
USD
USD

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Қазақстанда жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем мерзімі 1 қазаннан бастап қысқарады.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Әзірге бұл өзгеріс пилоттық режимде іске асырылады.

Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және тиісті құқыққа ие азаматтарға тағайындалады. Төлемнің мерзімі азаматтың жүйеге қатысу өтіліне байланысты.

Қазіргі уақытта бұл төлемді алты айға дейін алуға болады. Ал 2026 жылғы 1 қазаннан бастап оның мерзімі үш аймен шектелуі мүмкін.

Төлем мөлшері азаматтың орташа айлық табысына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады. Қазіргі таңда төлем соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 45%-ына тең. 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45%-ы деңгейінде шектеледі.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы