USD
USD
USD

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында Еңбек кодексіне және «Қызметкерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңға өзгерістер әзірленіп жатыр. Соның ішінде жазғы демалыс уақытында жұмыс істейтін жасөспірімдерді міндетті сақтандыру нормалары қарастырылған.

жасөспірімдер жұмысы
Фото: ЖИ көмегімен әзірленді

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, Қазақстанда еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың саны – 1,7 млн. Ақпараттық жүйелердегі деректерге сәйкес бүгінгі күні 5,3 мың оқушы жұмыспен қамтылған.

«Олардың басым бөлігі сауда, ойын-сауық және демалыс қызметтерін ұсыну, сондай-ақ тамақтану салаларында жұмыс істейді. Яғни, бұл – жасөспірімдердің алғашқы еңбек тәжірибесін жинайтын бағыттары. Мамандықтарға бөлсек, олар: көгалдандыру жөніндегі жұмысшылар, курьерлер, даяшылар, сатушы-кеңесшілер, аспаздардың көмекшілері, аниматорлар және тағы да басқалар», – деді Асқарбек Ертаев.

Электронды еңбек биржасындағы «Менің жазғы демалысым» платформасы арқылы жыл басынан бері 1 024 оқушы, ал 2025 жылы 4 552 оқушы жұмысқа орналастырылған.

Осы ретте министр жұмыс істейтін жасөспірімдерді сақтандыруға қатысты заңға енгізілетін түзетулерге тоқталып өтті:

  • жұмыс берушілердің кәмелетке толмағандарды қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, соның ішінде жазатайым оқиғалардан, міндетті сақтандыруды қоса алғанда жауапкершілігін арттыру;
  • кәмелетке толмағандардың сақтандыру қорғанысын алуға құқығын бекіту;
  • жасын, орындалатын жұмыстың сипатын және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтудың жол берілетін және жол берілмейтін нысандарын нормативтік тұрғыдан айқындау.

Заңнамалық өзгерістермен қатар бақылау шаралары күшейтілмек.

Сондай-ақ министрлік басшысы кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу республиканың барлық кәсіпорындарында еңбек тәуекелдері картасы базасында цифрлық форматта жүргізілетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

жол апаты

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

.

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

Отбасы банк

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу