USD
USD
USD

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

скрининг
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Сенаторлардың нақтылауынша, бұл өзгерістер қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған.

Сенат аппараты жетекшісі Максим Споткайдың түсіндіруінше, енді медициналық ұйымдар жұмыс берушілерге цифрлық технологиялар арқылы қызметкерлері скринингтік тексерулерден өту қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Жұмыс берушілер қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік тексерулерден өтуге уақыт беруге міндеттеледі. Демалыс бермеген жағдайда жұмыс беруші жауапқа тартылады.

Бұған қоса заң қызметкерлердің құқықтары жеке өмірін қорғау, ар-намысы пен қадір-қасиетін құрметтеу нормаларымен толықтырылды.

Сондай-ақ жұмыс берушілер еңбек жағдайларының қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндеттеледі. Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құзыреті кеңейеді.

Қазір оқып жатыр

Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Пашинян

Қазақстанда интернет неге дұрыс істемей қалды?

.

57 жастағы әуесқой ұшқыш өзі құрастырған ұшақпен апатқа ұшырады

.

Арменияда парламент сайлауы басталды

.