USD
USD
USD

«Қазақстанда жолдардың сапасы жақсарды» – Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы

Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев автомобиль жолдарының сапасын сараптау жұмыстары туралы баяндады.

Жол сапасы
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Ол 2024 жылдың қорытындысында кәсіпорын сапа сараптамасымен қамтуды республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша 100%, жергілікті желі бойынша 99% болғанын хабарлады. 47 мыңға жуық жол-құрылыс материалының сынамалары зертханалық сынақтан өткізіліді.

Автомобиль жолдарының 22 мың шақырымына аспаптық тексерулер және диагностика жүргізілді.

«Жалпы, 2023-2024 жылдардағы нәтижелерді салыстыра келсек, жолдардың сапасы бойынша оң динамикасы байқалады. 2023 жылы жергілікті желіні қамту 89%-ды құраса, 2024 жылы 99%-ға дейін жетті. Сәйкес келмейтін жол-құрылыс материалдары мен ақаулар саны 16%-ға азайды. Сапасыз жұмыстарды қайта құру 5%-ға дейін төмендеді. Диагностика қорытындысы бойынша, орташа жөндеу жұмыстары есебінен жол жабынының тегістігі 5%-ға жақсарды. Аталған көрсеткіштер уақтылы қабылданған шешімдердің арқасында, нәтижесін берді», – деп атап өтті Болатбек Айтбаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы

Астана маңында төрт адамды өлтірген ер адам түрме жазасынан босатылды

адам өлімі