USD
USD
USD

Қазақстанда жолдарды жөндеуде Recycling өңдеу технологиясы қолданылады

Үкімет отырысы барысында көлік министрі Марат Қарабаев осыған дейін қаражат көзі негізінен халықаралық дәліздер мен облыс орталықтарын қосатын күре жолдарға бағытталып келгенін, ал облысаралық республикалық жолдар көп жылдардан бері жөндеу жұмыстарымен қамтылмағанын айтты.

Жол
Фото: Жол

Алматы, NEGE. Аталған мәселені түбегейлі шешу үшін республикалық деңгейдегі 7 мың шақырымды қамтитын ауқымды жобалар қолға алынған.

Биыл Қазақстан Даму Банкінің қаражаты есебінен аталған жолдардың 2,5 мың шақырымын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Келесі жылы қалған 4,5 мың шақырымда жұмыстар жалғасатын болады.

Бұл ретте, жөндеудің жаңа тәсілін қолдана отырып, яғни, жол төсемесін «ресайклинг» әдісімен бекітіп, 2 қабат асфальт жабыны салынуда. Аталған технология жоба құнын реконструкциямен салыстырғанда 7 есеге арзандатуға және 2 есе жылдам жөндеуге мүмкіндік береді.

Бұл жобалардың қатарында 20 жылдан бері жөндеу кезегін күтіп отырған «Жезқазған – Петропавл», «Шалқар – Қандыағаш», «Қарағанды – Қарқаралы», «Семей – Қайнар» және «Семей – Барнаул» секілді ірі жобалар бар.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.