USD
USD
USD

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда "Қауіпсіз жол" республикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық жолдарда да қызмет күшейтілді. Іс-шара кезінде күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді, оның ішінде 1,5 мыңнан астам полицей – қала сыртындағы автожолдарда. Осы күндері қауіпсіздік белдіктерін тағуға, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалануға, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушылардан ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды, ауа райының нашарлауы кезеңінде ерекше тәртіпті болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз, – деп атап өтті ІІМ.

Іс-шара осы жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев