USD
USD
USD

Қазақстанда жыл басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың саны екі есеге өсті

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Қазақстан
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, биыл қаңтар айында 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда науқастардың саны 2,5 есеге өскен. Бір ай бұрын 187 адам коронавирус жұқтырса, қаңтар айында олардың саны 477-ге жетті. Басым бөлігі Алматы (143 адам) мен Астанада (74 адам) тұрады.

"26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында бір аптаның ішінде КВИ+ диагнозымен 144 адам тіркелген. Соодан кейін 11 адам КВИ- болып шықты. Осылайша, ауруға шалдығу көрсеткіші өсіп отыр. Жаңадан ауырғандар бұрынғыдай ірі мегаполистерді жиі тіркеледі", - дейді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде республика және барлық облыстар жасыл аймаққа кіреді. Ал инфекциялық ауруханаларда төсек орындардың 1 проценті ғана бос емес.

8 ақпанда бас санитарлық дәрігер Қазақстанның медициналық мекемелерінде маска режимін енгізуге қаулы шығарды. Азаматтарға халық көп жиналатын орындарда да бетперде тағу ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова