USD
USD
USD

Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды: Жұманғарин себебін түсіндірді

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында елде 356 мың жеке кәсіпкердің есептен шығарылу себебін айтты.

жұманғарин
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, биылғы тоғыз айда 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 34,7 мың заңды тұлға және 242,3 мың жеке кәсіпкер. Осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға және 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылған.

«Бұл ретте жеке кәсіпкерді тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің іс жүзінде тоқтағанын білдірмейді. Жабылған 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған, ал 20,8%-ы өз қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшкен», – дейді Серік Жұманғарин.

Оның пікірінше, бұл бизнес құрылымының жақсаруына және кәсіпкерлердің өз қызметіне неғұрлым қолайлы салық режимдеріне көшуіне мүмкіндік береді.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы

Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді

Концерт ұйымдастырушы

Алаяқтар 36 млн теңгені Нұрбанк арқылы өткізген: сот ақшаны жәбірленушіден өндірмек

коллажды кұрастырған NEGE/ЖИ көмегімен жасалған

«2 мың жасырын орын ұйымдастырған» : Астанада есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Күдікті