USD
USD
USD

Қазақстанда жетім балаларды қамқорлығына алатын кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі

Мәжіліс білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оқу ағарту министрлігі бастамашы болған түзетулер кәсіби қабылдаушы отбасы тұжырымдамасын заңнамалық тұрғыдан бекітеді.

Жанұя
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына орналастырудың балама нысанын белгілеу арқылы жетілдіруге бағытталған құқықтық нормалар қарастырылады. Баламалы нысан төрт санатқа қатысты болады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, панасыз және көшедегі балалар, сондай-ақ олардың отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандары.

Заң жобасында кәсіби қабылдаушы тәрбиешілерге қойылатын талаптар белгіленеді. Олар балаларға қолайлы жағдай жасай алатын, тұрғын үйі бар 30 бен 53 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Кәсіби қабылдаушы отбасы мәртебесін алуға ниетті отбасылар қорғаншылық және қамқоршылық органдарында психологиялық дайындықтан және аккредиттеуден өтуі тиіс. Олар алты айдан аспайтын уақыт ішінде бір мезгілде 4 балаға дейін қабылдай алады. Бұл ретте отбасылар қорғаншы немесе қамқоршы органмен жасалған шарт негізінде балаларды кез келген уақытта таңдау құқығынсыз қабылдауға міндетті. 

Тәрбиешілердің қызметіне ай сайын 70 АЕК көлемінде ақы төленетін болады, сонымен қатар мемлекет әр баланы асырауға 10 АЕК бөледі. Кәсіби қабылдаушы тәрбиешілер тоқсан сайын қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балалардың денсаулық жағдайы, тәрбиелеу барысы, балаларды күтіп-бағуға бөлінген қаражаттың жұмсалуы, сондай-ақ олардың мүлкін басқару туралы есеп беруге міндетті болады.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК