USD
USD
USD

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

Қазақстанда жергілікті полиция құрамына 20 мыңнан астам қызметкер жетіспейді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.

ұрлық
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Оның айтуынша, әсіресе патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жетіспейді. Министр орынбасарының сөзінше, тек патрульдік полицияның өзіне кемінде 10 мың қызметкер қажет.

«Бүгінде патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жетіспейді. Мысал ретінде айтсақ, патрульдік полицияға кемінде тағы 10 мың адам қажет», – деді Игорь Лепеха.

Министр орынбасарының сөзінше, жаңа шағын аудандардың, елді мекендер мен мектептердің пайда болуы учаскелік және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға деген қажеттілікті арттырып отыр. Бұл санаттағы қызметкерлердің штат саны жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ, Лепеха жалпы жергілікті полиция мен жергілікті әкімшілік полиция құрамындағы кадр тапшылығы 20 мыңнан асатынын нақтылады.

«Тек жергілікті полиция, жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерін алсақ, яғни біз қазір талқылап отырған мәселелермен айналысатын қызметкерлердің өзінен 20 мыңнан астамы жетіспейді», – деді ІІМ басшысының орынбасары.

Осыған байланысты ІІМ әкімдіктермен бірлесіп, бюджет мүмкіндігіне қарай аталған бөлімшелердің штат санын кезең-кезеңімен арттыру мәселесін пысықтап жатыр. Министр орынбасарының айтуынша, тиісті қолдау болған жағдайда қызметкерлер саны келесі жылдан бастап ұлғайтылады.

Қазір оқып жатыр

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ балдық жүйе енгізбек

Alphard