USD
USD
USD

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Марат Башимов Бас прокурор Берік Асыловқа «кеңейтілген тәркілеу» қажеттігі туралы хат жолдады.

байлық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Егер олар мүліктің заңды жолмен табылғанын дәлелдей алмаса, активтер мемлекет пайдасына алынуы мүмкін.

«Жақында Мәжілісте ақшаны жылыстатуға қарсы күрес туралы маңызды заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Мен оған халықаралық FATF ұйымы (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржы шараларын әзірлеу тобы – еск.) ұсынған 100-ден аста түзетулер мен құқықтық нормаларды енгіздім. "Кеңейтілген тәркілеу" институты еліміз үшін ерекше маңызды. Дүниежүзінде дәл біздегідей көп ұрланған жоқ. Сондықтан бұл мәселе бойынша Бас прокурор Берік Асыловқа қолдау көрсету туралы хат жаздым. Қазіргі заңнамада мұндай норма болмағандықтан, активтерді үшінші тұлғаларға аударып үлгергендер жауапкершіліктен құтылып кете алады, ал олардың мүлкі толық тәркіленбейді. Сотталғандар да тыныш отырады, себебі мүлкін туыстарына не серіктестеріне аударып қойғандарын біледі. Ертең толық еркіндікке шыққан соң сол ақшаны пайдаланады», – деді депутат.

Енді сотқа дейінгі тергеу басталған тұлға өз мүлкінің заңды жолмен алынғанын дәлелдеуі тиіс. Егер дәлел ұсына алмаса, ол мүлік тәркілеуге жатады.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.