USD
USD
USD

Енді жекеменшік мектептер мемлекет қаржысын оңай ала алмайды

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландыруға қатысты өзгерістер енгізілді. 

жекеменшік мектеп
Фото: ortkom.kz

Астана, NEGE. 2026 жылдан бастап барлық жекеменшік мектептер жаңа цифрлы жүйеге көшіп, мемлекеттік қаржыландырудың барлық түрі бір сервиске енгізіледі.

Қазір мұндай жүйеге елдегі жекеменшік мектептердің 86%-ы өткен. Қаржы министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, жекеменшік мектеп директорларымен қаржыландыру жүйесін өзгерту туралы түсіндіру семинарларын жүргізуде. Айта кетерлігі, биыл көрсетілген қызметтер үшін мектептерге төлемдер жасалады. 

2026 жылдың қаңтарынан бастап мұндағы қызмет жаңа ақпараттық жүйемен қатаң реттелетін болады. Алдағы уақытта осы сервиске білім беру саласындағы мемлекеттік қаржыландырудың барлық түрін қосу жоспарлануда. Олар – мемлекеттік тапсырыстар, гранттар, стипендиялар және жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жұмыстары, – делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, премьер-министр Олжас Бектенов жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселелерінде көптеген заңбұзушылықтар анықталғанын айтты. 

Шындығында, біз мемлекеттің жоқ оқушылар үшін жиі ақша төлейтінін көріп отырмыз. Бұл нарықта тұтастай заңсыз индустрия қалыптасты. Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі келесі қаржыландыру жылынан бастап аталған салада толықтай тәртіп орнатуы керек. Бірде-бір мемлекеттік теңге нарыққа жосықсыз қатысушылар мен шенеуніктердің қалтасына түсіп, ысырап етілмеуі тиіс, – деді Бектенов.

Бұған дейін мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражаты «Қаржы орталығы» АҚ Оқу-ағарту министрлігінен Қаржы министрлігінің қарамағына берілген болатын. 

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер