USD
USD
USD

Қазақстанда «Zhas Project» жобасына қатысуға өтініш қабылдау басталды

Бүгін Қазақстанның 20-ға жуық өңірінде «Zhas Project» жобасына қатысуға өтініш қабылдау басталды.

Zhas Project
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жобаға 18-34 жас аралығындағы (қоса алғанда) NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыспен қамтылмаған) қатыса алады.

«Zhas Project» жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады. Жастар әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыға ие болады. Бизнес құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдау ала алады.

Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар бөлінеді. Болашақта 280 жоба іске асырылатын болады.

Өтініштерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері

Сүндет кей жағдайда АИТВ-инфекциясынан қорғайды – уролог

Бала