USD
USD
USD

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысының жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қатысты жауапкершілікті күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында жазалау шаралары қатаңдатылатынын мәлімдеді.

Жаеуарларға қатыгездік таныту
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Депутаттың нақтылауынша, осы бағытта Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер енгізу ұсынылған.

Біріншіден, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жануарларды күтіп ұстау жауапкершілігін күшейтуге қатысты екі бабына арнайы өзгерістер енгізіліп, салынатын айыппұлдар бірнеше есе өсірілген.

Бұған қоса, жануарларға зақым келтірген жағдайда, Қылмыстық кодекстің 316-бабының (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бірінші бөлімінде көзделген екі айға қамап ұстау мерзімін алты айға ұзарту ұсынылған. Осы баптың екінші бөлімінде жануарларды қатыгездікпен өлтіретін болса, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын бес жылға дейін ұзарту қарастырылған.

«Үкімет оң қорытындысын берді, екінші оқылымға дейін тағы пысықтаймыз. Біз Президенттің тапсырмасын орындауға міндеттіміз және бұл келешек ұрпаққа да үлгі болуы керек. Жануарларға қатыгездікпен қарайтын адамдарға заң аясында қатаң шара қолданылады», – деп мәлімдеді депутат Жаңбыршин.

Айта кетейік, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат ұсынған жаңа редакциямен келісті.

Сенат депутаттары қаралып отырған заңға қараусыз жануарлардың санын реттеу мәселелерін (тәртібі мен мерзімдерін қоса алғанда) жергілікті өкілді органдардың құзіретіне беруге қатысты бірқатар түзету енгізген. Сондай-ақ «қараусыз жануарлар» ұғымы нақтыланып, ветеринариялық қорытынды негізінде жануарларды жансыздандыру туралы шешім қабылдау туралы норма толықтырылды.

Жалпы алғанда, Мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасы өзгермейді, түзетулер тек нақтылау сипатына ие. Бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады.

Еске салсақ, Мәжіліс 8 сәуірде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Жаңа нормаларда жануарлар санын реттеу үшін эвтаназия рәсімін енгізу және ұсталған жануарларды табиғи ортасына қайта жіберуге тыйым салу қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Әскери адам, сарбаз

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ақбаян Мұқанғалиева

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

.

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Мерей базары