USD
USD
USD

Қазақстанда жанармайды заңсыз әкетудің 600-ге жуық дерегі анықталды

Жыл басынан бері Қазақстанда көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі тіркелді. Заңсыз орнатылған бактардың жалпы сыйымдылығы 159,5 тонна болған.

Бензин, дизель
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомство ақпаратынша, жанармайды ел аумағынан заңсыз әкетудің алдын алу үшін мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізудің 48 пунктінің маңында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттері қойылған.

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген. Мұнда 386 дерек анықталған. Түркістан облысында – 119, Қостанай облысында 80 жағдай тіркелді.

Заңсыз қосымша бак орнатқан жүргізушілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Көліктерден заңсыз орнатылған бактар алынып тасталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев