USD
USD
USD

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Қазақстанда жанармайдың жалпы қоры 1,1 млн тоннадан асатынын мәлімдеді.

Бензин, дизель
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, бұл қор жаз мезгілі мен туристік маусымдағы сұранысты толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

«Оның ішінде АИ-92 және АИ-95 маркалы бензиндер, сондай-ақ дизель отынының негізгі түрлері бар», – деп нақтылады Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікбаева.

Министрлік 21 қарашаға дейін елде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен шығаруға уақытша тыйым салынғанын еске салып өтті. Бұдан бөлек көлік құралдарының мемлекеттік шекарадан өту жиілігін шектейтін ереже қолданыста. Оған сәйкес, бір көлік тәулігіне бір реттен артық шекара аса алмайды.

Сондай-ақ 20 маусымнан бастап өткізу бекеттеріндегі бақылау күшейтілген. Тексеру жұмыстарына ҰҚК, ІІМ, Мемлекеттік кірістер комитеті және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдегі жанармай тапшылығы мен жанармай құю бекеттеріндегі шектеулер жағдайында Қазақстан бағыты жүк тасымалдаушылар үшін тартымды баламаға айналуы ықтимал екені айтылған еді.

Еске салайық, Ресейде жанармай тапшылығы соңғы айларда Украина дрондарының мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін күшейе түсті. Бірқатар мұнай өңдеу кәсіпорнының жұмысы уақытша тоқтап, ішкі нарықтағы жанармай көлемі қысқарды. Бұған қоса, жазғы маусымдағы сұраныстың артуы мен кей зауыттардағы жөндеу жұмыстары тапшылықты одан әрі ушықтырды. Соның салдарынан Ресейдің бірнеше өңірінде жанармай сатуға шектеулер енгізіліп, бағалар да өсе бастаған.

Қазір оқып жатыр

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен