USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Ақорда ақпаратынша, бұл жөнінде Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Дәдебайдың мәлімдеуінше, депутаттар 18 заң қабылдаған және 38 заң жобасы қаралып жатыр. Бұл ретте жаңа Азаматтық кодекспен қатар балалардың құқықтарын қорғау, педагогтер мен медицина қызметкерлерін қолдау және өзге де әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша заңнамалық бастамалар пысықталып жатқаны мәлім болды.

Сондай-ақ Құрылтай төрғасы Президентке 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджетте өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін қосымша 47 миллиард теңге қарастырылғанын атап өтті.

Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ.

Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында және Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерді заңнамалық тұрғыдан іске асыруға басымдық беріліп отыр.

Бұған қоса Президентке заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатқаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан астығын экспорттаумен шектелмеуі керек: депутат агросектордағы басты мәселені атады

Ауыл шаруашылығы

Жалғыз баспанасы мен автокөлігі барлар мемлекеттік қолдаудан қағылмай ма?

Алматы жастары

12 жылға сотталған экс-әкім мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Кәрім Көкрекбаев

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев