USD
USD
USD

Қазақстанда жалған диплом дайындаумен айналысқан 20 сайт анықталды

Қазақстанда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар Ішкі істер министрлі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданды.

Диплом
Фото: egov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Дипломның түпнұсқалығын қайдан тексеруге болады?

Жұмыс берушілер дипломның түпнұсқа екенін https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электрондық нұсқасы электрондық үкіметтің («Цифрлық құжаттар») мобильді қосымшасында да қолжетімді.

«Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі», – делінген министрлік хабарламасында.

Дипломдарды генерациялау «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде іске асырылады. Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін беру мүмкін емес. Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.

Министрлік өкілдері жалған дипломдар жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертті. Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға немесе екі жылға дейін бас бостандығын айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматы тауларында ақырған аю даусынан үрейленген туристер құтқарушылар көмегіне жүгінді

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті