USD
USD
USD

Қазақстанда зейнетақы жүйесі реформаланады

Сенат кулуарларында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Алайда зейнеткерлік жасын өзгерту жоспарға кірмеген.

зейнетақы
Фото: wfin.kz

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан зейнетақы жүйесін реформалау бойынша жұмыс тобы құрылған.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның зейнетақы жүйесі аралас. 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтар үшін ынтымақты жүйенің элементтері сақталған. Бірақ зейнетақының негізгі бөлігі – жинақтаушы жүйе. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде де бірқатар мәселе бар: жеткіліктілік шектері, алмастыру коэффициенті және тағы басқалар. Қазақстанда демографиялық құрылым өзгеріп жатыр, өмір сүру ұзақтығы да артып келеді, сондықтан зейнетақы жүйесін жаңа жағдайларға бейімдеу қажет. Сол себепті біз қазір Еңбек министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесе белсенді жұмыс істеп жатырмыз және қыркүйекке қарай зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты жаңа тұжырымдамалық тәсілдер болады деп үміттенеміз», – деді Сүлейменов.

Зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру үшін Ұлттық банк БЖЗҚ-ның инвестициялық стратегиясын жетілдірмек. Ол үшін акциялар мен баламалы инвестициялар сияқты жоғары табысты активтердің үлесі арттырылады.

Осыған байланысты, орталық банк басшысының айтуынша, маусым айында баламалы құралдар портфелі құрылып, 500 миллион доллар көлемінде алғашқы транш жіберілген. Сондай-ақ зейнетақы активтерін жеке басқару институтын дамыту жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana