USD
USD
USD

Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер өсті

Мәжілісте Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатқанын хабарлады.

Қаржы есеп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9 %-ға индекстелді. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9%-ға индекстелген, ең төменгі күнкөріс деңгейі 60%-дан 65%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайды. Тиісінше, 2024 жылы жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 86 068 теңгені, ал ең жоғары мөлшері – 197 873 теңге болды.

Сонымен бірге 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға артты. Мысалы, еңбекке жарамсыз және асыраушысынан айырылған 1 млн 382 мың адамға – 958,3 млрд теңге, 541,2 мың мүгедек адамға – 477,3 млрд теңге және 1 млн 323 мың балалы отбасыға – 652,0 млрд теңге сомада төлемдер берілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы