USD
USD
USD

Қазақстанда іздеуде жүрген екі адам Ресейде ұсталды

ІІМ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасап, іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтап және оларды ұстады, деп хабарлады polisia.kz.

Н
Фото: freepik.com

Алматы, NEGE. Мәскеуде 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол 2024 жылғы сәуір-қазан айлары аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан қымбат смартфондарды сату сылтауымен алып, кейін ізін суытқан. Осылайша ол жеті адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты.

Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың долларды құрады.

"2025 жылдың басынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер табылды. Біздің еліміздің аумағында басқа елдердің құзыретті органдары үшін 44 қылмыскер ұсталды", - деп хабарлады полиция.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам