USD
USD
USD

Қазақстанда іздеуде жүрген 12 адам ұсталды

Көліктегі полиция департаменті жүргізген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде іздеуде жүрген оннан астам күдікті ұсталған.

polisia.kz
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 11-13 желтоқсан аралығында көлік полицейлері 13 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты тіркеген.

«Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде олардың 12-сі "ізін суытпай" ашылды. Жедел-іздестіру шаралары аясында іздеуде жүрген 12 адам ұсталды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Іс-шара кезінде әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударылған.

«Нәтижесінде 1245 азамат жауапкершілікке тартылды. Ең көп тіркелген құқықбұзушылықтар: қоғамдық орындарда тиісу – 108 факті, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 96 факті. Сонымен қатар түнгі уақытта көлік нысандарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 24 кәмелетке толмаған бала анықталды. Олардың 14-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері де анықталып, 49 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК