USD
USD
USD

Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады. 2024 жылғы 25 қаңтардағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. 

Әскер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын», - делінген құжатта.

2024 жылы әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлер саны: 

– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – 600 адам;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;

– Ұлттық ұлан – 42 адам;

– Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам.

Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf