USD
USD
USD

Қазақстанда заңды тұлғаларды тіркеу ережелері өзгереді

Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеу туралы мемлекеттік қызмет қағидаларына түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қол қою
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжат жобасында коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есепке алуды Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті мен аумақтық әділет органдары жүзеге асыратыны айтылған.

Сонымен қатар аталған комитет республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, республикалық нотариаттық палатаны, республикалық адвокаттар алқасын, республикалық жеке сот орындаушылары палатасын, ұлттық кәсіпкерлер палатасын, сот сарапшылары палатасын, Қазақстанның төрелік палаталарын, республикалық заң консультанттары алқасын тіркейді.

Одан бөлек, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің өкілдіктерін есепке алады.

Құжат жобасындағы тағы бір жаңашылдық заңды тұлғаны тіркеу, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) есепке қою «Электрондық үкіметтің» веб-порталымен қатар екінші деңгейдегі банктерді ақпараттандыру объектілері арқылы да электрондық өтініш беру мүмкіндігі қаралған.

Құжат жобасы 2024 жылғы 9 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Талдықорғандағы сарбаз өлімі: батальон командирінің орынбасары 4 жылға сотталды

Әскери адам, сарбаз

Мырзабосынов Шайдоров жайлы: Әр спортшыға жеке-жеке келісімшарт әзірлей алмаймыз

.

Шекарада 300 мың доллардай қаржыны шетелге заңсыз шығармақ болған әйел ұсталды

ҰҚК

ҰҚК Атырау әкімі орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады

Мейіржан Мұқасов