USD
USD
USD

Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердегі» бағаны бақылау күшейтіледі

Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылуда.

Азық-түлік дүкені
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылуда»,

— деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарлануда. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Қайрат

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер