USD
USD
USD

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет қайта құрылады

Елде су ресурстарын басқарудың бірыңғай жүйесі құрылады. 

Су
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігіне мынадай міндеттер жүктеледі: 

– жерасты суларына мемлекеттік мониторинг жүргізу және іздестіру-бағалау жұмыстарын ұйымдастыру;

– суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын бақылау және бағалау;

– ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау;

– ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуге кететін шығындарды субсидиялау;

– суармалы суды жеткізуге арналған тарифтік реттеу. Бұл нормалар Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру, суармалы жерлердің аумағын ұлғайту және ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері екі миллион текше метрге дейін еріген қар, жаңбыр және тасқын суларын жинай алады. Бұл үшін арнайы суды пайдалану рұқсатын алудың қажеті жоқ. Жиналған су егістік алқаптарын суаруға және ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға пайдаланылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме