Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр
Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 227 мың бала дүниеге келген. Бұл 2025 жылдың алғашқы тоғыз айымен салыстырғанда 22,3 мың нәрестеге немесе 9 пайызға аз.
Астана, NEGE. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, туу көрсеткіші ең көп төмендеген өңірлер – Қызылорда облысы (13,9 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы (12,2 пайыз) және Жетісу облысы (12 пайыз).
Сондай-ақ Атырау облысында нәрестелер саны 11,3 пайызға, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында 11,1 пайызға, Түркістан облысы мен Ұлытау облысында 11 пайызға, Абай облысында 10,9 пайызға азайған.
Ал Павлодар облысында туу көрсеткіші 10,6 пайызға, Маңғыстау облысында 10,2 пайызға төмендеді.
Ал Астанада туу көрсеткіші басқа өңірлермен салыстырғанда аз ғана өзгерген. Былтырғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда, биыл елордада 100 сәби кем дүниеге келген.