USD
USD
USD

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен қызметін бастайды

Мәжіліс «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның жаңа жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Шенеунік
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Заң жобалары тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру мақсатымен әзірленген.

Негізгі заң жобасы арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі. Ол тұтынушыларға консультациялық көмек көрсетуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюға, сондай-ақ өзге де функцияларды орындауға құқылы болады.

Оны қызметке тағайындау және қызметтен босату уәкілетті орган (Сауда және интеграция министрлігі) басшысының құзырында болады. Омбудсмен 4 жыл мерзімге сайланады және өз қызметін ерікті негізде (ақысыз) жүзеге асырады.

Сонымен қатар тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және шектейтін жағдайларды шарттарға енгізуге жол бермеу жоспарланып отыр. Олардың саны оннан асады. Олай болмаған жағдайда шарттар жарамсыз деп танылады, ал мәміленің жарамсыздығы сот арқылы белгіленеді. 

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова