Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда туроператорлар саны 210-ға артты

Мемлекеттік электронды тізілімнің деректері бойынша, Қазақстанда туроператор қызметін жүзеге асыруға 590 лицензия берілген.

Туризм
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл 2023 жылмен (380 лицензия) салыстырғанда 210 лицензияға көп.

Лицензиялар мынадай бағыттар бойынша берілген:

• 44 лицензия — шығу туризмі;

• 43 лицензия — ішкі, келу және шығу туризмі;

• 503 лицензия — ішкі және келу туризмі.

«Мемлекеттік тізілімді жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп, туроператорлар өз қызметтерін заң талаптарына тез арада сәйкестендірді. Біз үшін қызмет көрсету сапасы басты назарда. Лицензия иелері үшін заң аясында жұмыс істеу маңызды», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант