USD
USD
USD

Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылады

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Түркияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Гази университетінің филиалы ресми түрде ашылады.

Университет
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында аталған келісім жүзеге асты.

Түркия Республикасының «Жоғары білім туралы» заңының 39-бабына сәйкес Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында Гази университетінің филиалы ашылсын деген ресми шешім қабылданды.

«Қазіргі таңда біздің 12 мыңнан астам студентіміз Түркияда, ал 300 түрік студенті Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Осыған қолдау көрсеткені үшін Түркия Президенті мен Үкіметіне ризашылығымды білдіремін. Ұзақ жылдан бері Түркістан төрінде Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті табысты жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жанынан Түркияның озық білім ошақтарының бірі – Гази университетінің филиалы ашылмақ», – деді Мемлекет басшысы Түркия сапарында.

Енді Қазақстан мен Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Бұл – халықаралық білім кеңістігіндегі маңызды серпіліс.

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ – 1937 жылы құрылған, еліміздің оңтүстік өңіріндегі педагогикалық кадрларды даярлайтын іргелі оқу орны.

Гази университеті – 1926 жылы негізі қаланған жетекші университеттерінің бірі. Ол білім беру, ғылым, медицина және өзге де бағыттар бойынша жоғары деңгейдегі мамандар даярлайды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.