USD
USD
USD

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Шілде айында Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 14,6%-ға өсті. Жылдық мәнде жаңа баспана Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қымбаттаған. Қайталама нарықта да баспана бағасы 9,5%-ға өскен.

Баспана
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл деректер Halyk Research шолуында келтірілген.

Шолуда тұрғын үй бағасы өскенімен, баспана нарығындағы белсенділік төмендегені атап өтіледі. Сарапшы Арслан Аронов келтірген дерекке сүйенсек, шілдеде Қазақстанда 37,2 мың сатып алу-сату мәмілесі тіркелген. Оның мәлімдеуінше, бұл маусыммен салыстырғанда 4,9%-ға, ал өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 6,5%-ға аз.

Жалдау ақысы да өсті. Шілдеде тұрғын үйді жалдау құны айлық мәнде 1,4%-ға, жылдық мәнде 14,2%-ға қымбаттаған. Астанада жалдау ақысы бір айда 2,7%-ға өскен. Ең жоғары жылдық өсім Павлодарда (+39,2%) және Петропавлда (+32,8%) тіркелген.

Сарапшылардың бағалауынша, алдағы уақытта тұрғын үй нарығына салық заңнамасындағы өзгерістер, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін қайта қарау, жаңа Құрылыс кодексі және ипотекалық бағдарламалардың шарттары әсер етуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Астанада кейбір тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су уақытша өшіріледі

Астана

Тоқаев жаңа Жолдауын әзірлеп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай